Тоқты

Мақсатты жоспарды іске асырған дұрыс. Бірақ жұлдыздар кейде бақылауды әлсіретіп, импровизацияға мүмкіндік беру керегін алға тартады. Сонымен қатар эмоционалды қуат көзінсіз сізге осы аптада жұмыс істеу қиын. Орын алған оқиғалар сізді терең ойға салады. Дәл осы кезде өзіңізді сыйақы немесе өткен айлардағы еңбегіңіздің жемісі күтіп тұр. Бұған дейін айналысып тастап кеткен іске қайта оралуыңыз мүмкін.

Торпақ

 Қоршаған ортада үлкен өзгеріс болмақ. Егер демалыс туралы ойланып жүрсеңіз, онда уақыты келген сияқты. Олай болмаған жағдайды сізді үйді жөндеу жұмыстары немесе қоныс аудару күтіп тұр. Аптаның жартысында материалды сұрақтар сізді мазалауы мүмкін. Бірақ мәселе оңынан шешіліп, әріптестеріңіз немесе достарыңыз көмектеседі. Осы айда жұлдыздар сырт келбетімен айналысып, өздерін қалпына келтіруге кеңес береді.

Егіз

 Аптада өзіңізді еркін сезінесіз. Жоспарыңыз бақылаудан шығып, орындалуы сәл кешеуілдеуі мүмкін. Бірақ уайымдамаңыз, барлығы орындалады, жағымды жаңалықтар, достарыңызбен, туыстарыңызбен кездесу күтіп тұр. Жұлдыздар тиімді сауда жасап, отбасыңызға көңіл бөлуді сұрайды.

Шаян

Талқылау деңгейінде қалған жоспарыңыз бен идеяңызды жүзеге асыратын уақыт келді. Шығармашылық және эмоционалдық шарықтау күтіп тұр. Бұл көңіл-күйіңіз қарқынды жұмыс істеп, ақша табуға көмектеседі, бірақ жақындармен кикілжің туындауы мүмкін, реніштеріңіз көпке созылмайды. Бұрыннан қордаланған мәселені талқылау қажет. Үйлену тойлары мен ірі сатып алуларды бұл апта жоспарламаған дұрыс.

Арыстан

Аптаны үй мен тұрмысты жақсартуға арнайсыз. Бұрын қашып жүрген шаруаңыз оңай орындалып, тіпті сізге ләззат сыйлайды. Үй шаруасындағы белсенділік іскерлік белсенділікке ауысады: ұжымдағы дауларды шешіп, өзіңіздің жеке шаруаңызбен айналысуға тура келеді. Жеке өмір мен махаббат екінші жоспарда.

Бикеш

 Кез келген істе ішкі түйсігіңіз бен сәттілікке үміт артасыз. Бірақ жұлдыздар материалдық мәселелерде қатаң есеп пен логикаға сенім артуға кеңес береді. Ал қаржы саласында жақыныңыз табыс көзінен айырылуы мүмкін, ал сіз керісінше мансап жолында жоғарылайсыз.

Таразы

Сіздің үнемі бәріне күмәнданатын әдетіңіз тіпті шегінен шықпақ. Орынсыз күмәнданып, жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алуыңыз мүмкін. Жұлдыздар темірдей қатты болуға кеңес береді. Жағымды жаңалықтардан – сүйіктіңіздің туыстарымен қарым-қатынасыңыз жақсы арнаға бұрылып, қысқамерзімді сапарға шығуыңыз мүмкін. Сауда-саттықта жолыңыз болады.

Сарышаян

Адамдармен оңай тіл табысып, оны өз кәдеңізге жарата аласыз. Соның нәтижесінде серіктестерден жақсы ұсыныс түседі.  Басшылық қызмет бойынша жоғарылатуға қол жеткізуіңіз мүмкін. Аптада оқуға байланысты мәселе күтіп тұр. Ең сәтті күндер апта соңында орын алмақ. Сізге – демалыс, ал жақындарыңызға – назарыңыз бен көңіл бөлуіңіз қажет.

Мерген

Жұмысыңызды ауыстырудың немесе жаңа жобаны бастаудың қажеті жоқ. Оның орнына бірнеше күн саяжайда немесе жақындардың ортасында болыңыз. Басшылық сізден барлық салаларда бірдей белсенділік танытуды талап етеді. Қолыңыздан бәрі келеді, сондықтан бұрыннан жоспарлаған жағымды нәрсемен өзіңізді қуантуды ұмытпаңыз. Апта аяғында барлығы саябырсиды, бірақ таныстардың жетістіктері сізді тыныш жатқызбайды.

Тауешкі

 Жаңа қызмет, серіктес, шабыт көзін іздегендер үшін апта сәтті болмақ. Қажетті жерде қажетті уақытта болу арқылы қалағаныңызға ойламаған жерден қол жеткізесіз. Бұрын жіберген қателіктерді түзетуге мүмкіндік беріледі. Материалды сала қиындықтар әкелмейді, бірақ шығындарды қысқартуға тырысасыз. Ал махаббатта аяқасты іс-әрекеттерге баруға болмайды.

Суқұйғыш

 Жаңашылдықты аңсап, өзіңізді күтіп, түрлі диеталар бастап, сырт келбетіңізге өзгеріс енгізгіңіз келеді. Бірақ мұндай бастамалар сәтсіз аяқталуы мүмкін. Әріптестердің міндеттері сізге жүктелуі мүмкін, бірақ бұл жайт басшылықтың назарынан тыс қалмайды. Апта соңында қолыңыз босап, бос уақытыңызды сүйіктіңізге арнай аласыз.

Балық

Кейбір жайттар көңіліңізге кірбің салуы мүмкін, әлі де болса жеке өмірде иллюзиялардан арылған дұрыс. Өмірге шынайы, реалистік көзқараспен қарап үйреніңіз. Кейінгі мансабыңызға жағымды әсер ететін маңызды кездесу орын алуы мүмкін. Егер жоспарыңыз орындалмай, кедергілер көбейіп жатса, бәлкім стратегияңызды өзгерту керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!