Біз қазақ тарихындағы хан, батыр, билерді көп айтамыз. Ал қайсар, батыл әрі дана әйелдерді білеміз бе?
Әдетте Сақ билеушілерін айтқанда, Томириспатшайымды ғана еске түсіреміз. Алайда одан кейін тақта отырған қайратты Зарина патшайымның да есімін білген абзал.
Зарина – сақ билеушісінің қызы, кейіннен сақ көсемі атанған. Ол б.з.б. 558-518 жылдары билік еткен. Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған. Грек тарихшысы Геродоттың жазбаларында сақ тайпалары қыздарының батыл, өжет келетіндігі жазылған. Тіпті, садақ ату, қылыштасу, және найза лақтыру тәрізді әскери дағдыларды меңгермеген сақ қыздары тұрмысқа да шықпайтын болған. Соғыс кезінде әйелдер бүкіл отбасын, жауынгерлерді де аң аулап асырайтын болған екен.
Казақ пен қалмақ арасындағы соғыс кезінде ерлік істерімен ел есінде қалған қазақтың батыр әйелдерінің бірі — Гаухар.Ол атақты Қаракерей Қабанбай батырдың жан жары, Малайсары батырдың туған қарындасы. Қабанбай батырдың қауіп-қатерге толы сансыз жорықтарында Гаухарана ерекше табандылықпен қанды шайқастарға қатысқан. Гаухарқылышын қынапқа салмаған батыр атанған. Қабанбай мен Гаухардың тұңғышы Назым да өзінің ерлік істерімен тарихта аты қалған.
Назым қазақтың батыр қыздарының бірі. Қабанбай батыр мен оның жары Гаухардан туған. Әкесімен бірге XVIII ғасырда қазақ-жоңғар соғысына қатысып, Отанын қорғаған.
Казақтың ұлы ханы Кенесары Қасымұлының қарындасы – Бопай Қасымқызы есімі де көпшіліктің жадында жоқ болар. Бопайқолбасшы 600 сарбаздан құралған топты басқарған. Ол Кенесары әскерін жабдықтаумен шұғылданды, халықтан салық жинады. Кенесары Қасымұлы құрған хандықтың сыртқы және ішкі саясатына белсенді араласып, аянбай тер төгеді. Бопай қолбасшы өзіндік туа бітті ерекше қасиеттерге ие. Оған өжеттік, көсемдік, жеңіске деген сенім, қиын-қыстау қатерлі шақтарда өзін-өзі ұстайтын салқындылық, болаттай жігер-қайсарлық, жинақылық, өз ісіне шеберлік, шешендік, тәртіптілік, оптимизм тән дейді.
Күнімжан – өмірін ел тәуелсіздігі үшін күреске сарп еткен Кенесары ханның әйелі. Ол Абылай ханның немересі. Күнімжан азаттық жолындағы күрестегі барлық оқиғалардың куәсі болып қана қоймай, патша үкіметінің отаршылдық озбырлығы мен ел басына түскен ауыртпашылықтың бәрін Кенесары ханмен бірге көтере білген.
Айсара МЕЙРАМБЕКОВА
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!