Шетелдік азамат Ақтаудағы Каспий суының мөлдірлігіне таң қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде Махачкаладан келген тіс дәрігері Әли Байрамбеков өзінің алған әсерін сөзбен жеткізді. Айтуынша, Ақтау мен Махачкала бір Каспийдің бойында орналасса да, батыс жағалаудағы теңіз суы өте қатты ластанған, оған шомылуға да тыйым салынған екен.

«Малдив пе, алде Тайланд па деп ойлап қалдым. Судың мөлдірлігіне сөз жетпейді», – деп сипаттады ол.

Желі қолданушылары оған әртүрлі нұсқалар айтып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!