Фото: BAQ.KZ – архив

Ауа баптағышы жоқ вагондардың билеттеріне ұлттық тасымалдаушы 20%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде 14 теміржол тасымалдаушылары жұмыс істейді және пойыздар 140 бағыт бойынша қатынайды. Олардың 62-інде тариф қымбаттайды деп отыр.

Бұл пойыздарымызда көрсетілетін сапаны жақсарту үшін жасалады. Сондай-ақ теміржолшылардың жалақасын көтерілу де жоспарланып отыр. Қазір елімізде 2667 вагондар барлық осы бағыттар бойынша қатынайды. Олардың тоз1у деңгейі 44%-ға жеткен., – деп атап өтті министрліктің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Жаңа тариф бойынша мәселен, «Тальго» пойыздарының бағасы шамамен 19 493 теңгені құрайды деп күтілуде. Ал стандарт пойыздардағы купе құны 19 653 теңгені, плацкарт – 12 871 теңгеге жетуі мүмкін. Қала маңына қатынайтын пойыз билеттері 6314 теңге мөлшерінде сатылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!