Павлодарлық оқушылар 1 қыркүйек күні «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаланың білім бөлімі хабарлағандай, Павлодар қаласы мен ауылдық округтердегі білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Олар:

1 қыркүйек күні сағат 10:00-де 1 және 10-11-сынып оқушылары үшін «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны.

2 қыркүйек күні 2-9 сыныптарға Білім күніне арналған сынып сағаттары мен кесте бойынша сабақтар өткізіледі.

Еске сала кетейік, биыл оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Салтанатты қоңырау рәсімін өткізу күні мен уақытын әр мектептің педагогикалық кеңесі шешеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!