1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жазғы дөңгелекпен көлік жүргізуге тыйым салынады. Бұл – «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (ТР ТС) көрсетілген. Бұл туралы kolesa.kz жазды, хабарлайды «Адырна«.
Құжатқа сәйкес, қыс мезгілі бойы яғни, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында, ауа райына қарамастан, көлікте міндетті түрде бүртабан шиналар немесе үш шыңы бар тау белгісі, сондай-ақ «М+S», «M&S», «M S» (Mud and Snow — «балшық пен қар») белгісі бар шинамен жүруі керек.
Бұл талап барлық төрт дөңгелекке бірдей қолданылады, тек бір оське орнату жеткіліксіз. Сонымен қатар, жол жүру ережесі бойынша бір оське әртүрлі типтегі, өлшемдегі, әртүрлі протекторы бар, шегелі және шегесіз шиналарды қатар қоюға тыйым салынады. Қысқы шиналар үшін протектордың минималды тереңдігі 4 мм болуы тиіс. Одан аз болса , бұл талапқа сай емес деп есептеледі.
Қыс мезгілінде жазғы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл мөлшері 5 АЕК-ті құрайды. Бұл 2025 жылдың соңына дейін 19 660 теңге, ал 2026 жылы – 21 625 теңге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!