Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мариям Баекеева хабарлады. Сонымен қатар ол Сыр өңірі халқының саны артып келе жатқандығын да айтты.
Өңірде жалпы халық саны – 832,5 мың адамды құрайды. Оның 46,9 пайызы қала тұрғындары болса, қалған 53,1 пайызы ауылдық елдімекенде өмір сүреді. Жалпы 2021 жылмен салыстырғанда облыс халқының саны 5,5 мыңға адамға көбейген. Сондай-ақ, Қызылорда облысы туу көрсеткіші бойынша республикада 4 орында. Сәйкесінше, облыста күніне орташа есеппен 55 сәби дүниеге келсе, айына 1600-ге жуық нәресте туылады.
– Облыста былтыр халықтың жұмыспен қамту шаралары белсенді жүргізілгені байқалады. Статистикалық зерттеулерге сәйкес, былтыр 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны – 347 мың адамды құрады. Ал 15 жастан жоғары азаматтардың жұмыспен қамтылуы 60,8 пайыз, жалдамалы қызметкерлер 66,2 пайыз, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 33,8 пайызды құрап отыр. Тұрақты жұмыспен қамтылған халықтың көп бөлігі білім беру, көтерме және бөлшек сауда, өнеркәсіп салаларына орналасқан. Сонымен қатар өңірде былтыр 4 828 жас некеге тұрып, шаңырақ көтерді. Жалпы облысымызда жылдан-жылға некеге тұрушылар саны артып келеді. Ал 2022 жылы облысымызда тұрғылықты тұруға – 19 881 адам ниет білдірсе, алыс-жақын шет елдерден – 20, еліміздің басқа облыстарынан – 5 898 адам көшіп келген. Сондай-ақ, басқа өңірлерлерге қарағанда қазақтардың басым бөлігі яғни, 96,5 пайызы Қызылорда облысында тұратыны анықталды. Ал Арал ауданында 100 пайыз қазақтар өмір сүреді. Кәсіпорындар статистикасы келетін болсақ, аймақта 11 270 заңды тұлға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға өсті. Жалпы өңірде 9 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр, – деді департамент басшысы Мариям Жәдігерқызы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!