Ақпараттың тасқыны қазір бізді қоршағаны рас. Күніне миллиондаған мәлімет қолымызда, көзіміздің алдында екені хақ. Бұл ақпараттың шынайылығын қалай анықтай аламыз? Қоғам қаншалықты өзге адам алдындағы жауапкершілікті сезіне алады? Осы сұрақтар бізді таңғажайып жылдамдықпен өзгеріп жатқан әлемде күн сайын мазалайды.

Қазір журналистика саласындағы ең танымал жанрдың бірі – ақпаратты тексеру. Фактчекинг –
шынайылықты қорғаушы, жалғандықты әшкерелеуші сенімді құрал.

Ақпарат дегеніміз – күмәнді ақиқаттың үстінен кеткен көлеңке десек болады. Бұл сөз ақпараттың
өзектілігі мен шындыққа деген қажеттілікті анықтайды. Ақиқат жолында фактчекиң алға қойған
мақсатқа жетудің басты құралы.

Фактчекинг – бұл тек ақпаратты тексеру ғана емес, ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету. Әрбір мәлімет, жаңалық немесе мәлімдеме өзінің шығу тегін, дереккөзін анықтау арқылы ғана құнды бола алады. Алдымен ақпараттың қандай дереккөздерден алынғанын білу, оның шынайылығын түсінуге
көмектеседі.

«Сенімді ақпарат – тыныштықтың алтын кілті», – дейді бір ойшыл. Бұл ақиқат адамзаттың ақпараттық ағымдарының арасында адаспай, шынайы жолмен жүріп, дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Қазір ақпарат жылдам әрі тұрақсыз түрде таралып жатқанына қарамастан, фактчекингтің міндеті – әрбір деректі тексеріп, оның дұрыстығын қамтамасыз ету.

Медиасауат – ақпараттың неғұрлым терең мағынасын түсіну, оның логикасын ашу және жалғандықты бөлу қабілеті. Бұл қабілет әрбір азаматтың ақпараттық қоғамда сауатты болуының
негізі. Бүгінгі таңда ақпараттық ағындарға тап болғанда, фактчекинг шынайы деректерді ғана таңдауға көмектеседі. Кез келген қоғамда медиасауат пен фактчекиң үйлесім табуы керек,
себебі олар шындықты ұстануға, жалған ақпараттың қоғамға әсерін азайтуға мүмкіндік
береді.

Ақпараттың шынайылығы – ол адам жүрегінде мекен тауып, ойында мәңгі қалатын көркем шындық екенін ұғыну қажет. Ақпараттың тексерілген болуы оның өмірдегі маңыздылығын арттырады. Жалпы, фактчекингтің тарихы тереңде жатыр. Бұл әдіс өткен ғасырдың ортасында саяси немесе қоғамдағы маңызды тұлғалардың мәлімдемелерін тексеру мақсатында пайда болды.
Бастапқыда фактчекинг тек саяси жаңалықтармен және үкіметтің шешімдерімен байланысты
болса, бүгінгі күні ол әлемдік ауқымда барлық ақпарат түрін қамтиды. Әлеуметтік желілер мен интернеттің қарқынды дамуы фактчекингті маңызды құралға айналдырды.
Бір адамның сөзін шынайы деп қабылдау – сенімнің ең бірінші қадамы болса, ал оны тексеру – нағыз ақиқатқа жол. Бүгінгі қоғамда ақпараттың шынайылығын тексеру, дәлелденген деректермен салыстыру қажет. Әлеуметтік желілерде жиі таралған жаңалықтар, мемдер мен сілтемелер өздігінен шынайы болмауы мүмкін.

Фактчекингтің міндеті – қоғамға тек шынайы ақпаратты ұсыну. «Ал енді онымен қалай жұмыс
істей аламыз?» деген сауалға тоқталсақ.

1.Ашық дереккөздермен жұмыс

Ашық дереккөздер – ақпараттың сенімді және тексерілген көзі. Әлеуметтік желілердегі ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін осы ресми дереккөздерді қолдану маңызды.

2.Ақпаратты контексте тексеру
Ақпараттың тексерілуі оның контекстінде жүзеге асырылуы тиіс. Егер мәлімдеме немесе жаңалық контексте дұрыс көрсетілмесе, ол өзінің шынайылығын жоғалтуы мүмкін. Ақпараттың маңызды ерекшелігі – оның барлық шарттар мен жағдайларына сәйкес келуі.

3.Фото және видео верификациясы

Қазіргі заманда ақпараттың басым бөлігі фото мен видеолардан тұрады. Әлеуметтік желілерде таралған бейнемазмұндар мен фотосуреттердің шынайылығын тексеру үшін Google Reverse Image Search, TinEye, WolframAlpha сияқты құралдарды қолдану қажет. Әсіресе, YouTube және Vimeo сияқты платформаларда таралған видеоларды тексеру өте маңызды.

4.Уәде қадағалау
Саяси және қоғамдық тұлғалардың берген уәделерінің орындалуын тексеру – фактчекингтің маңызды элементі. Бұл әдіс арқылы халықтың алдындағы міндеттемелерді орындау барысы
бақыланады. Уәде қадағалау арқылы, халықтың сенімін қалай қамтамасыз ету керек екенін түсінуге болады. Яки мемлекеттік қызметте жұмыс істеген әрбір тұлғаның берген уәдесі
орындалғанын тексеру қажет.

Қазіргі қоғамда ақпараттық манипуляциялар мен жалған ақпараттың жариялануы кеңінен тараған. Ақпараттың жалған болуы оның шынайылығын бұрмалаумен бірге, қоғамға теріс әсер етеді. Манипуляцияның бірнеше тәсілі бар:

Сатиралық жаңалықтар: Бұл жанр ақпаратты әсерлі және күлкілі етіп жасау арқылы жалғандықты
шын деп қабылдауға әкеледі.

Асыра сілтеу мен манипуляция: Ақпаратты белгілі бір эмоциялық реакция туғызу мақсатында қолдану.
Жалған ақпарат: Ақпараттың контекстен жұлынып алынуы, манипуляциялық мақсаттар үшін қолданылуы.

Ақиқатты бұрмалау – бұл адамзаттың ең терең қателігі, ал оны ашу – біздің азаматтық борышымыз, яғни тілшілікті тіршілік еткен азаматтың ісі. Бұл сөздер фактчекингтің міндетін
дәл анықтайды. Ақпараттың дұрыстығын тексеру қоғамдағы алаңдаушылықты азайтып, шынайы деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, ақпараттың шынайылығын тексеру – тек журналистер мен қоғамдық ұйымдар үшін ғана емес, әрбір азамат үшін маңызды процесс. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда әрқайсымыздың рөліміз бар. Ақпараттық әлемде адалдық – бұл ең үлкен байлық. Себебі фактчекингтің қоғамдағы орны мен маңыздылығын айқындайды. Ақпараттың шынайылығын тексеру арқылы біз қоғамдық
пікірге, саяси шешімдерге және өміріміздің барлық саласына әсер етеміз.

Фактчекинг – бұл тек ақпаратты тексеру емес, бұл әділеттілік пен шынайылықты қорғау. Ақпараттық дәуірде біз әрдайым деректердің дұрыстығына сенімді болуымыз қажет.

Азамат САМАТҰЛЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!