Фото: ашық дереккөзден

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың жолын кесу, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында қала көлемінде «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы  басталды.

       Іс шараның негізгі мақсаты: тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтау, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау, заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларда қару және шанышпалы-кесетін заттарды алып жүру фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.        

А. Абжалиева,

Қызылорда КПБ ЖПҚб ЮПб  аға УПИ

полиция майоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!