Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда.

4 ауысыммен жұмыс істейтін 36 диспетчер 25 күннің ішінде 2000-нан аса қоңырауға жауап берген.

Ал, бүгін яғни 9 сағат ішінде диспетчерлерге 936 қоңырауға түскен. Мамандар тұрғындар сауалына оперативті түрде жауап беруде.

Бізге келіп жеткен сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және тізімде жоқ азаматтардың дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты. Дауыс берушілер тізімінде мүлдем жоқ және тіркелмеген азаматтар үшін 5 онлайн учаске жұмыс істейтінін қаперге саламыз. Себебі кешкі 20.00-ге дейін азаматтар дауыс беруге құқылы.
Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды,-дейді мекеме директоры Темірхан Мұқанғали.

109 call орталығы: 9 сағатта 936 қоңырауға жауап берген

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!