Дереккөз: Kazinform Фото: Kazinform

Енді қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңба алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлайды. 

ЭЦҚ-ны онлайн алу үшін келесі қадамдарды жасау қажет:

– egov.kz порталына немесе http://pki.gov.kz сайтына тіркелу керек;

– веб-камера арқылы бет-әлпетті сканерлеу арқылы сәйкестендіруден өту керек;

– сәйкестендіру сәтті өткен жағдайда, ЭЦҚ кілті бірден беріледі; 

– егер сәйкестендіру сәтсіз болса (мысалы, деректер базасында фотосуреттің болмауы), пайдаланушыға 5 рет қайта әрекет етуге мүмкіндік беріледі. 

Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаған жағдайда, қолданушы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. 

– Аталған шара азаматтардың жеке дерегін қорғау деңгейін арттыруға және цифрлық жеке басын сақтау мақсатында енгізілген. Осылайша, ЭЦҚ-ны бөгде адамның иелену мүмкіндігі жойылады, – делінген министрлік таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, енді бөгде электронды цифрлық қолтаңбаны қолданған жағдайда, жауапкершілік қарастырылған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!