Sputnik. 11 жасар қарағандылық Тимофей Муравьев Қазақстан тарихында алғаш рет дрон жарысынан әлемнің үздік 16 ұшқышының қатарына кірді.

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, Эр-Риядта өткен жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 143 ұшқыш қатысқан.

Бұл шара қатысушы елдердің саны бойынша ең ауқымды іс-шара ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына тіркеліп, тарихқа енді.

«Бұл, әрине, әлемдік біріншілікке қол жеткізген үлкен жетістік. Дроннан әлем чемпионаты 2016 жылдан бері өткізіліп келеді, ал қазақстандық өкіл алғаш рет қатысуда. Біз тыңғылықты жаттықтық. Екі күн ішінде 64 бақ сынаушы біліктілік бойынша жарысқа шықты. Тимофей әлем чемпиондарымен бір топта болды», – деді спортшының әкесі Сергей Муравьев.

NSP KazGeoScan командасының ұшқышы Тимофей Муравьев соңғы сайысқа түсіп, ширек финалға шыққан. Оның қарсыластарының бірі Жапонияның қазіргі әлем чемпионы Yuki Hashimoto болды. Польшалық USA MultiGP чемпионы Pawel Laszczak 11 жасар қарағандылық бар болғаны 1,3 секундтан жеңілді. Үш айналымды 00:58:020 нәтижесімен аяқтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!