14 жастағы бала терезеден секіріп, көз жұмған. Мұны алғашында желі қолданушылары мұны мектептегі буллингтің салдарынан болды деді. Алайда кейін марқұмның әпкесі мұның жалған ақпарат екенін “Немолчи” қорына мәлімдеді.
«Мен, А. Н.Омарбекова, 12-қабаттан құлаған баланың үлкен әпкесімін. Бұл суицид емес, оқыс жағдайдан болды. Ол өте көпшіл, қарым-қатынасқа түсуге жақын бала еді. Туыстары, жақындарынан, достары мен сыныптастарынан сұрасаңыздар, оны бәрі жақсы көрді. Оқытушылармен де қарым-қатынасы жақсы еді”, – деді әпкесі.
Айтуынша, жасөспірім модель болып, жарнамаларға түскен. Туыстары оның өлімін №17 мектепте буллингпен байланыстырғанын қаламады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!