Ішкі істер министрлігі елдегі ауыл аймақта өршіп тұрған мал ұрлығының жедел-алдын алу шарасын өткізді. Оған үш мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бақылау басқармаларының 200-ден астам маманы жұмылдырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведосмствоның мәліметінше, төрт күн ішінде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 11 695 көлік, 4 226 мал және ет өнімдерін сатып алу, өткізу орны, сондай-ақ 8 708 шаруа қожалығы мен шалғай жайылымдар тексерілген.

Нәтижесінде 22 мал ұрлығы, бұрын жасалған 115 қылмыс ашылған. Қылмыс жасағаны үшін 136 адам, оның ішінде 19 топ ұсталды. 589 ауыл шаруашылығы малдары табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

«Алматы облысында тегін жайылымнан мал ұрлығының топтамасын жасағаны үшін сотталған төрт адамнан құралған мал ұрылар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Олар өткен жылдың қыркүйек айынан бері 30-дан астам жылқы ұрлаған. Қылмыскерлер малды алдын ала жалдап алған ауыр көліктермен әкеткен», – деді басшы.ІІМ Криминалдық полиция департаменті Айдос Рысбаев.

Сондай-ақ, ветеринария саласында мал мен ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдап, өткізу бойынша 864 құқық бұзушылық анықталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!