Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастықтары жұмысын сотталғандарды күнделікті қайта есептеу, асханаға алып бару және жұмыс жоспарымен танысумен бастайды.
Бүгінгі таңда мекемеде 1 бөлім бастығы, 10 жасақ бастығы жұмыс жасайды. Оларға тапсырылған әр жасақта 100-180 ге жуық сотталған азаматтар жазасын өтеуде. Барлық жасақ мазмұны бойынша: жеңілдетілген, жеңіл және қатаң болып бөлінеді.
Бірінші болып сотталғандарды карантин бөлімшесі жасағының бастығы қарсы алады. Оның басты міндеті – сотталған туралы ақпарат жинау. Ол өз міндеттерін қаншалықты жақсы атқарса, бөлінгеннен кейін басқа жасақ бастықтарына сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу оңайырақ болады. Жасақ бастығы – сотталғандарды бақылап қана қоймай, мекеме аумағындағы барлық іс-шаралардың басты ұйымдастырушысы болып табылады. Жасақ бастығының жұмысында сотталғандар құқығының қорғалуы ерекше назар аударуды талап етеді. Көбінесе сотталған ер адамдар өз эмоцияларын іште сақтайды. Сондықтан мекеме психологтары отряд бастығына көмекке келеді.
Жасақ бастығының жұмыс күні таңғы 06:00 дан басталып,кешке дейін жалғасады. Сонымен аптасына алты күн, ал мереке күндері күшейтілген режим. Жасақ бастығының жұмысы мен міндеттері көп, ішкі тәртіпті сақтау, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау, күн сайын жеке мәселелері бойынша сотталғандарды қабылдауды, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ұсыну, жазаны өтеу шарттарын өзгерту мәселелері бойынша қажетті материалдарды дайындауды жүргізеді.
“Жасақ бастығы сотталғандар үшін әкімшіліктің ең жақын өкілі болып табылады. Бұл таптырмас адам. Біз сотталғандарды тәрбиелеуде маңызды функцияны орындаймыз, сондықтан психологтың талғамына ие болуымыз керек”, — деп атап өтті сотталғандар арасында әлеуметтік – психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Ниязов Нұрсұлтан Әбибуллаұлы.
Жасақ бастықтарының басым бөлігі самбоға, қоян-қолтық ұрысқа, жеңіл атлетикаға, кейбіреулері футболға құмар.
Сондай-ақ мекемедегі қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.
Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!