Фото: x.com/FIDE_chess

Қазақстандық шахматшы Елназ Қалиахмет Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің үшінші кезеңіне жолдама алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екінші кезеңде Қазақстан чемпионы турнир иесі Нино Бациашвилимен (рейтингі – 2450) кездесіп, халықаралық гроссмейстерді 1,5:0,5 есебімен ұтты. Осылайша қазақстандық жарыстың 16-нөмірлі фаворитін жарыс жолынан шығарды.
Үшінші кезеңде Елназ Қалиахмет қазір Польша намысын қорғап жүрген ресейлік Алина Кашлинскаямен (рейтингі – 2459) немесе Өзбекстан өкілі Умида Омоновамен (рейтингі – 2211) кездеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!