Техникалық себептерге байланысты Әлеуметтік қызметтер порталының (aleumet.egov.kz) жұмысы бойынша консультациялық қызметтер көрсететін «1414» байланыс орталығының нөмірі (№5 түймені таңдау) уақытша қолжетімсіз. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған байланысты азаматтар операторлардың ұялы нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады. Әлеуметтік қызметтер порталы жұмысының мәселелері бойынша келесі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (708) 114 8762; +7 (708) 114 8769; +7 (708) 114 8754; +7 (778) 550 4803; +7 (778) 170 6938; +7 (747) 710 5789. Сондай-ақ жоғарыда аталған нөмірлер бойынша өтініштер «Whatsapp» және «Telegam» мессенджерлері арқылы қабылданады. Байланыс орталығының жұмыс тәртібі сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін өзгеріссіз қалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!