Қазақстан интернетті өшіруден 410 миллион доллар жоғалтқан. Ол бұл тізімде Иран және Ресеймен қатар тұр, – деп хабарлайды Ranking.kz.
Былтыр интернет ажырауына байланысты қанша экономикалық шығын келді?
Орталық Азия елдерінің үкіметтері оппозицияны басу үшін интернетті өшіруді әдетке айналдырған. Бұл ұлттық экономикаға миллиондаған доллар шығын келтіреді. 2022 жылы Қазақстан 410,3 миллион АҚШ долларын жоғалтып, интернет өшіруден келтірілген залал бойынша әлемдегі көшбасшылар үштігіне кірді.
Екінші орынды Иран иеленді, оның шығыны 773 миллион доллар болған. Ресей экономикасы да көп зардап шекті. Бұл ел басқалардан әлдеқайда озып, интернетті айыруға 21,59 миллиард доллар жұмсаған.
Былтыр интернеттегі ақаудан 23 ел зардап шекті. Бұл Top 10 VPN сарапшылары жүргізген және биылғы қаңтарда жарияланған зерттеу деректерінде келтірілген. Есепке Қырғызстаннан басқа Орталық Азияның барлық елі кірген.
Қанша сағат интернет болмады?
Қазақстанда интернет 2022 жылғы қаңтарда болған тәртіпсіздіктерге байланысты ажыратылды. Ол сұйытылған газ бағасының күрт өсуінен кейін бейбіт митингі түрінде басталды, бірақ бүкіл ел бойынша қаралы қаңтар оқиғасына айналды.
4 қаңтарда билік бір күнге жуық интернетті өшірді, содан кейін бес күн ішінде кезек-кезек өшірілді. Кейде тіпті 24 сағатқа дейін ажыратылған еді.
2022 жылғы интернет өшірілген жалпы уақыт 144 сағат болған. Бұдан Қазақстан бойынша 16 миллионға жуық интернет қолданушысы зардап шекті.
Тізімде тағы қай елдер бар?
Өзбекстан да елеулі экономикалық шығынға ұшырады: дүниежүзілік желідегі ақау оған 219,7 миллион доллар шығын әкелді. Интернет болмаған уақыт 5630 сағатқа созылған. Мұндай көрсеткіш жазда Қарақалпақстан автономиялық аймағындағы қанды тәртіпсіздіктер салдарынан бірнеше апта бойы интернет болмауынан туындап отыр. Сондай-ақ, 2022 жылы Өзбекстан танымал әлеуметтік желілерді, соның ішінде Twitter-ді бұғаттауды жалғастырды. Оны билік жергілікті заңдарды бұзды деп айыптады. Алайда әлеуметтік желіні бұғаттау 2022 жылғы жазда алып тасталды.
Рейтингте оныншы орын алған Түрікменстанда билік талабы бойынша ел тұрғындары интернеттен жалпы 40 сағатқа айырылды. Бұл елге 29 миллион доллар шығын әкелді. Түркіменстандағы интернетте туындаған ақау туралы ақпарат репрессиялық режимге байланысты аз. Алайда мұндай мәселе елдің жаңа президенті Сердар Бердімұхамедовтың ұлықтау рәсімінен кейін көп ұзамай болды. Ол өз әкесінің орнына келген еді.
Тәжікстан ең аз шығынға ұшырады, оның шығыны 2,1 миллион доллар болған. Интернет бар болғаны 936 сағатқа ажыратылған. Тәжікстан үкіметі мамырда Таулы – Бадахшан автономиялық облысында интернетті өшірді. Бұл «терроризмге қарсы операцияның» басталуымен сәйкес келді. Интернетке қолжетімділік бір айдан кейін қалпына келтірілді. Оқиға кезінде 30 адам қаза тауып, жүздеген адам ұсталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!