Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым бар. Олардың ішіндегі ең қымбаты:
- DE BEERS сырғасы, жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастармен көмкерілген, құны 158 миллион теңгеге бағаланады. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған.

- Van Cleef & Arpels алқасы 55 миллион теңгеге бағаланған. Ол 750-ші ақ алтыннан жасалған, жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген және брендтің белгісі бар.

YEPREM сақинасы 14 миллион теңгеге бағаланған. Эксклюзив сақина 750-ші ақ алтыннан жасалған және 85 гауһармен безендірілген.


Айта кетейік, бұған дейін сауда-саттыққа құны миллиондаған теңге болатын эксклюзив сағаттар шығарылды. Сағат әртүрлі үлгідегі алтыннан, ал кейбіреулері қолтырауын терісінен жасалған. Кейбір үлгілер асыл тастармен көмкерілген. Ең жоғары бастапқы баға 31 281 600 теңге болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!