Telegram арналарының бірінде 16 тамызда сағат 4:00-де бүкіл планетада ірі жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Stopfake.kz-тің мәліметінше, бұл туралы ресейлік саясаткер Жириновскийдің мұрағаттарынан табылған карталарда жазылған екен. Бұл фейк.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі күтілмейді. Қазақстан аумағында да, еліміздің шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиға, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері «112 KZ» телеграм-арнасында және www.seismology.kzсайтында жедел түрде жарияланады. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!