Ресей Федерациясының 16 837 азаматы елімізде уақытша тұру үшін рұқсат алды деп хабаралады turkystan.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

«Биыл қаңтардан наурызға дейін Ресейдің 16 837 азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Ресейліктердің дені Қызылорда облысына келді. Сондай-ақ Алматыға – 2 116, БҚО – 1 677 және Қостанай облысына 1 525 ресейлік орналасты», – делінген хабарламада.

ІІМ таратқан мәліметке сәйкес, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі (8 217) еңбек ету үшін келген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейден – 170, Украинадан 7 адамның Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергені айтылды. Одан бөлек, Ресейден келген 48 азамат пен 10 украиналықтың Нұр-Сұлтан қаласында тұруға ниет білдіргені белгілі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!