Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында өрік ағашы гүлдеп жатыр.

Қызылорда облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан Жаңақорған ауданында бүгінгі күндері күн қабағы жылы.

Аудан аумағында өрік ағашы жылма-жыл сәуір айының алғашқы он күндігінде гүлдеп жататын еді. Биыл күннің жылы болуына байланысты ол наурыз айының аяғынан басталып кетті.

«Көктем мезгілі табиғаттың жасанып-жаңаратын шағы ғой. Қытымыр қыстан құтылып, адамдар жаймашуақ уақыттың әсерін сезіне бастайды. Есік алдындағы жеміс ағаштарына жан бітіп, қоршаған ортаны көркем күйге бөледі. Мен өрік ағашының гүлдегенін көріпі, сондай сезімде болдым», – дейді Жаңақорған ауданының тұрғыны Әлімжан Ержанов.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде география және биология пәндері бойынша дәріс беріп жүрген ғалым Оразхан Айдаров мұндай көркем сәттерді қалт жібермей, соны тамашалауға шетелден туристер тартуға болатынын айтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!