Қаржылық мониторинг агенттігі 10-20 қазан аралығында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық тест өткізуде. Сыр елінің тұрғындары аталған тестке белсене ат салысып, қаржылық сауаттылық деңгейлерін тексерді. Бүгінде 20-мыңнан астам аймақ тұрғыны «дроп», «онлайн-алаяқтық», «ақшаны жылыстату» тақырыптарында сұрақтарға жауап беріп, агенттік сертификатын иеленді.
Айта кетейік, 20-25 қазан аралығында тесттен жоғары ұпай жинаған алғашқы 10 қатысушы арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!