Осы жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр, деп хабарлайды Adyrna ақпараттық агенттігі.

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаттары бойынша кезекте тұр;

– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

– халықтың әлеуметтік осал топтары;

– мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер;

– Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.

2024 жылы елорданың тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы; жұмыс істейтін жастар үшін кредиттік тұрғын үй; сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй; «Елорда жастары» өңірлік бағдарламасы шеңберінде беруді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда аталған пәтерлердің 1 342-сі бөлінді. Естеріңізге сала кетейік, елордада ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және елорда тұрғындарын жаңа тұрғын үйге көшіру қарастырылған. 2024 жылы 60 апатты үйдің тұрғындары 1400 пәтерге көшіріледі, яғни елорданың 4200-ге жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!