Қазақстаннан АҚШ, Қытай, Жапония және Германияға тікелей әуе рейстері биылғы жылы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі Кешенді жоспар жобасында айтылған.
Құжатқа сәйкес, Алматыдан жеті шетелдік қалаға тікелей рейстер ашу жоспарлануда:
– Шанхай (Қытай),
– Гуанчжоу (Қытай),
– Чэнду (Қытай),
– Нью-Йорк (АҚШ),
– Франкфурт (Германия),
– Мумбай (Үндістан),
– Токио (Жапония).
Жоба бойынша қоғамдық талқылау 19 ақпанға дейін жалғасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!