Фото: pixabay.com

2025 жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады. Яғни, келер жылы 5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет 235 000 теңге аударады. Ал, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің есепшоты 471 000 теңгемен толығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірақ ескеретін жайт бар. Бағдарлама аясында, мемлекеттік капитал тек жыл сайын ақша салынып отырған есепшоттарға ғана түседі. Демек ата-ана баласының шотына жылына кемі 24 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақшаны жіберуі керек. Бұл сома келесі жылы 94 000 теңге болады. Егер есепшотқа қаржы түспесе, капитал кері қайтарылады.

Әрі жылда мемлекеттік сыйақы түсіп тұрады. Мәселен, барлық салымшыға 5, ал көпбалалы отбасыларға 7 пайыздық сыйлықақы қарастырылған. Бастысы, «Келешек» бағдарламасы бойынша депозиттік жинақтар инфляциядан қорғалған. Қазір күні кеше ғана Сенат депутаттары мақұлдаған құжат президенттің қол қоюына жолданып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!