Фото: depositphotos.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылы Қазақстанда төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгеретіні айтылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5 пайызға арттырылатын болады.

Әлеуметтік кодекске сәйкес балалары бар отбасыларға республикалық бюджет қаражатынан мынадай жәрдемақылар тағайындалады:

1) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері мынадай болады:

  • 1-ші, 2-ші, 3-ші бала туылған кезде – 149 416 теңге (38 АЕК);
  • 4 және одан көп бала туған кезде – 247 716 теңге (63 АЕК).

2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасауға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін):

  • бірінші балаға – 22 649 теңге (5,76 АЕК);
  • екінші балаға – 26 777 теңге (6,81 АЕК);
  • үшінші балаға – 30 867 теңге (7,85 АЕК);
  • төртінші және одан да көп балаға – 34 995 теңге (8,90 АЕК).

3) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде жалпы орта, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға олар 18 жасқа толғаннан кейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты белгіленеді:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 63 030 теңге (16,03 АЕК);
  • 5 баласы бар отбасыларға – 78 798 теңге (20,04 АЕК);
  • 6 баласы бар отбасыларға – 94 565 теңге (24,05 АЕК);
  • 7 баласы бар отбасыларға – 110 332 теңге (28,06 АЕК);
  • 8 және одан көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 15 728 теңгеден (4 АЕК).

4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

  • «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталғандарға – 29 097 теңге (7,4 АЕК);
  • «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғандарға – 25 165 теңге (6,4 АЕК).

5) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға ол 18 жасқа толғанға дейін тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы 74 428 теңге мөлшерінде төленеді.

Жоғарыда аталған жәрдемақылармен қатар 2025 жылы республикалық бюджеттен де көтерілетін болады:

1) жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері (ынтымақты зейнетақы) – инфляциядан 2 пайызға озып, 8,5 пайызға (6,5+2).

Еңбек министрлігінде ынтымақты зейнетақы мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға озып, индекстелетінін айтты. Нәтижесінде зейнетақы мөлшері мынадай болады:

  • ең төменгі мөлшері – 62 771 теңге;
  • ең жоғарғы мөлшері – 162 195 теңге.

2) базалық зейнетақы төлемі 6,5 пайызға (еңбек өтіліне байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70-тен 110 пайызға дейінгі мөлшерін құрайды):

  • ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;
  • ең жоғарғы мөлшері – 50 851 теңге.

Базалық және ынтымақты төлемдерді ескере отырып зейнетақының жалпы мөлшері:

  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 95 131 теңге;
  • зейнетақының ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге.

3) №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы (жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары аса зиянды және аса ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда жұмыс істеген адамдар үшін) – 6,5 пайызға. Төлемдер мөлшері мынадай болады:

  • № 1 Тізім бойынша – 37 040 теңге (9,42 АЕК);
  • № 2 Тізім бойынша – 32 951 теңге (8,38 АЕК).

4) Жерлеуге арналған жәрдемақы – 6,5 пайызға. Жәрдемақы мөлшері:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына – 142 912 теңге (36,6 АЕК);
  • Зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларға (мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша) және №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушыларға – 137 620 теңге (35 АЕК).

5) Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін, 55 жастан бастап, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін) – 6,5 пайызға. Жәрдемақы мөлшері 92 456 теңгені құрайды.

6) І топтағы мүгедек адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы – 6,5 пайызға. Жәрдемақы мөлшері 74 428 теңгені құрайды.

7) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де 6,5 пайызға артады:

  • ҰОС мүгедектігі бар адамдарға – 62 912 теңге (16 АЕК);
  • ҰОС қатысушыларына – 62 912 теңге (16 АЕК);
  • ҰОС мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 29 687 теңге (7,55 АЕК);
  • ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға – 24 340 теңге (6,19 АЕК);
  • ҰОС–да қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 17 616 теңге (4,48 АЕК);
  • ҰОС мүгедектігі бар қайтыс болған адамдардың әйелдеріне (күйеулеріне) – 10 066 теңге (2,56 АЕК);
  • Социалистік Еңбек, Кеңес Одағының батырларына, ҰОС қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек батырларына, Кеңес Одағының батырларына, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» – 545 094 теңге (138,63 АЕК);
  • «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға – 545 094 теңге (138,63 АЕК);
  • қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына – 18 048 теңге (4,59 АЕК);
  • ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне (38 963 адам) – 8 376 теңге (2,13 АЕК);
  • Чернобыль АЭС-да апатты жоюға қатысушыларға – 18 874 теңге (4,80 АЕК);
  • I және II топтағы мүгедек адамдарға – 6 724 теңге (1,71 АЕК);
  • III топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2 910 теңге (0,74 АЕК);
  • 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 4 326 теңге (1,10 АЕК);
  • мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 4 837 теңге (1,23 АЕК);
  • ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға (139 адам) – 4 837 теңге (1,23 АЕК);
  • басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік әрекеттердің ардагерлеріне, оның ішінде: Ауғанстанда – 24 340 теңге (6,19 АЕК); тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы бітімгершілерге, Таулы Қарабақта – 18 874 теңге (4,80 АЕК).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!