Шиелі ауданының өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2024 жылы 66 млрд теңгеден аса өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6 363 субъектіге жетіп, жұмыс жасап тұрғаны 96,7 пайызды құрады. 2024 жылы ауданда 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жобалар толықтай жүзеге асырылып 127 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал биыл қандай инвестициялық жобаларға басымдық беріледі? Бұл туралы Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндады.
2025 жылы құрылыс жұмыстары басталатын және іске қосылатын жобаларды таныстырып өтсем. Жыл сайын ауданда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың саны артып келеді. 2025 жылы 9 ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жобалар іске қосылғанда 233 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Атап айтқанда: «Тесис» ЖШС. Қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы. Жоба іске қосылғанда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. «VIGOR Holding» ЖШС. Қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясы. «Uranus Wind» ЖШС. Қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы жобасы. «Altyn Dala Energy ltd.» Жеке компаниясы. Қуаттылығы 60 МВт күн электр станциясы. Жоба 2026 жылы іске қосылады және 18 адам жұмыспен қамтылады. «Табиғи тас Қызылорда» ЖШС-нің «Қиыршық тас өндіру заводы » жобасы. «Дом Инвест» ЖШС-ның «Батыс Қытай-Батыс Европа» тас жолының бойынан газ заправкасы мен сервистік қызмет көрсету кешені жобасы. «Ақмая» шаруа қожалығының «Күріш ақтау зауыты» жобасы. Таң ЛТД» ЖШС-ның «Жүгері дақылдарын кептіру және терең өңдеу » жобасы. «Transshipment 1» ЖШС-ның Cұйық реагенттер қоймасы. Аталған жобалар ел игілігіне беріліп, жақында өз жұмыстарын бастайды,- деді Айтбай Насраддинұлы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!