Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда негізгі құжаттарды – паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және басқа да бірқатар қызметтерді рәсімдеу құны қымбаттайды. Бағаның өсуі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге көтерілуімен байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АЕК-тің жаңа мәні президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген. АЕК өскендіктен мемлекеттік баж мөлшерлері де артады. Мәселен: 

Қазақстанда паспорт пен жеке куәлікті онлайн беру қызметі іске қосылады 

  1. 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 теңге (4 АЕК). Ол 2025 ол жылы 15 728 теңге болған.
  2. 36 беттік стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК). 2025 жылы ол 31 456 теңге болған.
  3. 48 беттік паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК). 2025 жылы ол 47 184 теңге болған.
  4. Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). 2025 жылы ол 786 теңге болған.
  5. Жеке куәлікті жыл ішінде екі реттен көп жоғалтқанда рәсімдеу – 1 АЕК (4 325 теңге).
  6. Жүргізуші куәлігін алу – 5 406 теңге (1,25 АЕК).
  7. Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін беріледі. Бірақ қайта рәсімдеу – 0,5 АЕК (2 163 теңге).

Айта кетсек, 2026 жылы неке қию туралы куәліктің құны да 1 АЕК немесе 4 325 теңге болады. Бірақ ажырасуға өтініш беру екі есе қымбатқа түседі. Яғни –  2 АЕК немесе 8 650 теңгеболады.Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ жоғалтып алып немесе басқа да жағдайлармен қайта жасатқан жағдайда 0,5 АЕК немесе 2 132 теңгені төлеу керек болады.

Кімдер құжаттарды тегін рәсімдей алады?

  • Мемлекеттік баждан босатылатындар:
  • ел қаһармандары мен жоғары мемлекеттік наградалар иегерлері;
  • құрметті атағы бар көпбалалы аналар;
  • ардагерлер және соғысқа қатысушылар;
  • ерекше қажеттілі бар азаматтар мен сондай балалардың ата-аналары;
  • әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
  • жетім балалар және мемлекет қамқорлығындағы балалар;
  • Чернобыль апатынан зардап шеккендер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!