фото: ашық дереекөзден алынды
Бұл туралы Aikyn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы:
«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.
Қазақстан 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.
Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым.
Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», – дейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!