«Қазгидромет» 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аймақтарында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде кең антициклон ықпалынан құрғақ ауа райы болады. 

Тек Қазақстанның батысында жаңбыр жауады, түнде найзағай болжанған. Ал 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстанда 26 наурызда, Шығыс Қазақстанда 27-28 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды. Республикада тұман болып, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.

Ауа температурасы:

  • Батыс пен солтүстік-батыста күндіз 15–25 градусқа дейін жылы болады;
  • Солтүстік пен шығыста 10–17 градусқа дейін жылы;
  • Орталықта 13–24 градусқа дейін жылы;
  • Оңтүстікте 21–30 градусқа дейін жылы;
  • Оңтүстік-шығыста 18–27 градусқа дейін жылы;
  • Таулы аймақтарда 10–15 градусқа дейін жылы болады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!