Дубайдан ұшқан екі ұшақ Қазақстан азаматтарымен Алматы қаласына қонды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында аталмыш елдердің әуе кеңістігін айналып өтіп, елге 13 маусымда ұша алмаған 332 туристі және жоспарлы жолаушыларды жеткізді.
Еске салайық, 13 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінен, атап айтқанда Дубай мен Абу-Дабиден Қазақстанды қоса алғанда, бірнеше өңірге рейстер тоқтатылған болатын. Бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданды.
Бұған дейін ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіне, сондай-ақ осы мемлекеттермен шектес аумақтар арқылы ұшуға тыйым салған болатын.
Сондай-ақ 13 маусымда Дубайдан ұша алмаған барлық туристер қонақүйлерге орналастырылған.
Қазіргі уақытта олардың ұшу мәселесі қарастырылып жатыр. Кейбір туристер бүгін түнгі рейстермен елге оралды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!