Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде күдікке ілінген күш құрылымдарының басшылары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. 5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 полиция департаменті мен 3 Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қаруымен қалдырғаны белгілі. Олардың бәрі күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша қызмет бабындағы әрекетсіздік жөнінде 9 қылмыстық іс қозғалды», – деген Бас прокуратура өкілі Алматы әуежайында желілік полиция бөлімшесін басқарған адамның да күдікке ілінген мәлім етті

. «Ағымдағы жылдың 1 және 2 сәуірінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр», – деді Елдос Қилымжанов.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!