Есірткі бұрынғы заманнан-ақ денсаулық пен ақыл-есті тонаушылар деп бекер айтылмаған. Бірақ, жас кезінде салауатты өмір шырқын бұзған бұзақы бұл қылығының болашағы, зардабы туралы ойланады ма екен? Олар өз ортасына, ата-анасына, туған-туысына, бауырларына ғана емес басқалардың да өміріне зиянын тигізеді. Олар бүкіл қоғам үшін қауіпті. Біздің өміріміздің қай саласы да жұмыс, демалыс, отбасылық қарым-қатынас жайын алайық. Алкоголь етек алған жерде адам үшін ең қымбатты және ең қасиеттінің бәрі түкке тұрмай қалады. Зиянды заттар адамды адамдық кейпінен айырып, тұқым-әулетін кемтар етеді, өздерін қылмысқа итермелейді. Ешкім маскүнем, яғни шылымқұмар болып туылмайды. Адамның күшті, дені сау, сұлу, бақытты жан болуына темекі мен алкоголь зиян кедергі жасайды. Зиянды әдеттер денсаулық пен жұмысқа деген қабілетті ғана емес, сұлулық пен бақытты жойып жібере алады. Адамға бақыт пен жұмысқа деген қабілеттілікті алкоголь сияқты заттарға тәуелді етіп қоюға бола ма деген сұрақ туындайтын болса, сондай тәуелділікке барып, өмірін қор еткен жандар көп екенін біз білеміз.
Нашақорлық! Осының себебінен қаншама адам жапа шегіп жатыр. Нашақорлық – тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһанның бір басы. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі, наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі екен. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың да өміріне қауіп туғызады. Абай атамыздың “үйрен де жирен” сөзін тура түсінетін адамдар қолдарынан келгенше батыстан, одан қалса шығыстан үйренуде. Ауру, нашақор, маскүнем жандар ешкімге де керек емесі аян. Сондықтан да, аз ғұмырды өзіңе де, өзгеге де пайдаң тиетіндей етіп өткізу керек. Әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне де байланысты. Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де осыған құлақ аспайтын жандардың бар екені өкінішті!
Барша еліміздің болашағы жастарды,достарымды соңы адам баласын қасіретке,бақытсыздыққа әкелетін нашақорлық дертінен аулақ болуға шақырамын!
Бақтияр Нұрайым
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
Темірбек Жүргенов атындағы
№123 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!