5 маусымда өтетін республикалық референдумға бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінбек. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Референдум өткізу үшін республика бюджетінен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Сәйкес есептер Орталық сайлау комиссиясы тарапынан ұсынылды. Бүгін үкімет тиісті қаулыны қабылдады. Ақша республика бюджетінен бөлінеді», – деді Жамаубаев үкімет кулуарында.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы еліміздегі референдум өткізу мен оның тәртібі туралы атап өткен еді. Сондай-ақ комиссия республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы қаулы қабылдаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!