ҚР Орталық сайлау комиссиясының бірінші отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров биыл аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы алғаш рет пилоттық режимде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Заңнамаға сәйкес, пилоттық өңірлердің тізбесін және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды өткізу күнін белгілеу жөніндегі өкілеттіктер мәслихаттарға бекітілген. Сонымен, 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті. Оның ішінде 3 қала, 42 аудан бар, – деп атап өтті төраға.
Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, мәслихаттар қабылдаған шешімдер негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді.
Орталық сайлау комиссиясының осы науқан шеңберіндегі құзыреті – әдістемелік және нормативтік қамтамасыз етуде. Мұндай өкілеттіктерді бөлу сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген және 2021 жылдан бастап ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі өткізілетін науқандар барысында іс жүзінде жүзеге асырылып келеді, – деді Орталық сайлау комиссиясының бірінші отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!