Абу-Дабиде джиу-джитсудан жеңіске жеткен Хадия Қонаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат пен сыйлық алды. Сонымен қатар, оған 1 миллион теңгелік сертификат табысталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен айда Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында  6 жастағы Хадия ол 11:0 есебімен таза жеңіске жетті. Мемлекет басшысының сыйлығын қызға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов табыстады.

Біздің жерлесіміз Қазақстан жастарының рухын, таланты мен мақсатқа ұмтылысын көрсетті. Мұндай маңызды жеңістер жастайынан табанды еңбектің нәтижесі. Оның жаттықтырушысы  – әкесі  Самат Қонаев. Әке үлгісі балаларын да жігерлендірді. Бүгінгі күні олардың барлығы спорт шебері, — деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Аймақ басшысы Қонаевтар отбасын көптеген қазақстандықтар үшін үлгі ретінде атап өтіп, жас чемпионның алтын медалін бүкіл елдің мақтанышы ретінде бағалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!