Фото: polisia.kz

Алматыда көші-қон ережесін бұзғаны үшін 7 африкалық елден шығарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шетелдіктердің заң бұзғаны «Мигрант» операциясы барысында анықталды.

Қалада полицейлер көші-қон ережесін бұзғаны үшін шетелдіктерді анықтап, елден шығарып жатыр.

3 күнде көші-қон заңнамасын бұзғандарды Қазақстаннан шығару туралы 504 сот шешімі шықты. 62 шетелдік күштеп шығарылды. Бәріне 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

«Полиция әкімдіктің көмегімен 7 африкалықты елден күшпен шығарды. Олар белгіленген мерзімде Қазақстаннан шықпаған. Осылайша, олар сот қаулысымен елден шығарылды», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, шетелдіктерді шақырған ұйымдарға 90 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл ұйымдарға шығарып жіберуге жұмсалған қаражаттың орнын толтыру туралы талап қойылды.

Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға олардың уақытында Қазақстаннан шығуын ұйымдастыруы керегін ескертті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!