«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының
3) тармақшасына сәйкес, Әдiлет органдарының мiндеттерiнің бірі – жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған орай, Әділет департаменті «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларымен айқындалған тәртіпке сәйкес мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруда.

2023 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен 95 нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге ұсынылып, 72 нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуден өткен.

Әділет департаментімен актілердің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында тіркеуден өткен актілерге қосымша мониторинг жүргізіліп отырады және жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар кеңестер жүйелі түрде өткізіледі.

Қызылорда облысы

Әділет департаментінің

бас маманы Н.Бодыбаев

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!