Астанада блогер әрі бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісовке айыппұл салынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық соттың қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жүгігүнісовке 78 640 теңге айыппұл салынып, бұқаралық ақпарат құралдары өнімі тәркіленді.
Аталған бап Қазақстан аумағында әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және тектік араздықты қоздыратын мәліметтері бар БАҚ өнімдерін таратуға қатысты.
Сотта оның әлеуметтік желідегі «жаңа жылды тойлау қажет пе? Деген сұраққа жауап бергені және Ақтөбедегі мешітке барған қызды «бай іздеп барды» деп айыптаған екі видеосы қаралған.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!