Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады, – делінген хабарламада.
Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!