2025 жылы Халықаралық әйелдер күні сенбіге сәйкес келеді, яғни қазақстандықтар қосымша демалыс күн алады. Ережелерге сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, 10 наурызға ауыстырылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Наурызда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі:
- Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);
- Наурыз мейрамы (21-23 наурыз).
2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.
Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.
- бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз – демалыс күндері;
- алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз – демалыс, ал 10 наурыз – жұмыс күні.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!