Жетісу облысында сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, тірі қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 25 сәуірде сағат 12:20-да Текелі қаласында болды. Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала бесінші қабаттың терезесінен парашют түрінде полиэтилен пакетін пайдаланып секіргені белгілі болды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Ол Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына жатқызылды.

«Белгілі болғандай, ағашқа құлаған. Аман қалуына ағаштың да септігі тиген деп ойлаймыз.

Жетісу облысы ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларды терезені ашудан арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға шақырады»,- делінген Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!