Фото: Виктор Федюнин/kazinform

Алматыда 29 қыркүйек күні дәстүрлі Almaty Marathon өтеді. Биыл халықаралық марафон 13-рет ұйымдастырылады. Спорттық іс-шараға байланысты бірқатар мегаполис көшелері жабылады, деп хабарлады KAZINFORM.

Биыл марафонға 50 мемлекеттен келген 15 мың адам қатысады деп жоспарланған. Жарыс жолы Республика алаңынан басталып, осы алаңда аяқталады.

29 қыркүйекте сағат 6:20–ден 12:30–ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Спортшылар қашықтықты өткеннен кейін жолдар ашылады.

Атап айтқанда, Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін Сәтбаев көшесінің бойындағы еекі жолақ 28 қыркүйек сағат 6:00–ден 29 қыркүйек сағат 18:00–ге дейін жабылады.

схема
Фото: Алматы әкімдігі

29 қыркүйек күні уақытша жабылатын көшелер:

— Назарбаев даңғылының бойында Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі көлік қозғалыс сағат 6:25–тен 09:35–ке дейін толығымен жабылады.

— Әл-Фараби даңғылының бойында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 6:30–дан 9:45–ке дейін ішінара жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

— Әл-Фараби даңғылының бойында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін батыс бағытта көлік қозғалыс сағат 6:35–тен 10:15–ке дейін ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

— Саин көшесінің бойында Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі солтүстік бағытта көлік қозғалыс сағат 7:00–ден 11:00–ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

— Абай даңғылының бойында Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі шығыс бағытта көлік қозғалыс сағат 7:10–нан 11:30–ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

— Абай даңғылының бойында Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:20–дан 12:00–ге дейін толығымен жабылады.

— Байтұрсынов көшесінің бойында Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:30–дан 12:15–ке дейін толығымен жабылады.

— Сәтбаев көшесінің бойында шығыс бағытта Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі көлік қозғалыс 7:40–тан 12:30–ға дейін толығымен жабылады. Абай даңғылымен батыс бағытта, Төле би көшесімен шығыс бағытта балама жол жүру бағыты ашық.

— Шашкин көшесінің бойында Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:30–дан 08:05–ке дейін толығымен жабылады.

— Тимирязев көшесінің бойында Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:30–дан 08:15–ке дейін толығымен жабылады.

— Байзақов көшесінің бойында Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:35–тен 08:50–ге дейін ішінара жабылады.

— Құрманғазы көшесінің бойында Байзақов көшесінен Байсейітов көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:40–тан 08:10–ға дейін ішінара жабылады.

— Абылай хан даңғылының бойында Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:45–тен 09:15–ке дейін ішінара жабылады.

— Желтоқсан көшесінің бойында Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:50–ден 09:20–ға дейін ішінара жабылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!