Фото: Абай облысы ПД

KAZINFORM – Абай облысындағы жолдардың бірі жабылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты жолдардың бірі жабылады.

– Облыстық маңызы бар «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» тасжолының 72-87 шақырымында (Шемонаиха қаласынан Абай облысы шекарасына дейінгі аумақ) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады. Сондықтан жүргізушілерді бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, – делінген ақпаратта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!