Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін сақтауға ұмтылу қажеттігі айшықталған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау талабы қойылады.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі алты қағидатқа негізделген. Олар – адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Әдеп кодексіндегі нормалар ашық, халыққа қолжетімді мемлекеттік аппараттың қалыптасуына ықпал етеді.
Эльмира ӘБДІҚАЛЫҚОВА,
Қызылорда облысының әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы, ҚР Заңгерлер одағы РҚБ-нің филиал мүшесі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!