Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше Алматыда «El Media» редакциясы орналасқан ғимараттың кіреберіс шыны қабырғаларын сындырған екі күдікті ұсталған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!