Фото: canva.com

Осыған орай үкіметте тиісті заңға түзетулер енгізіліп, былтырдан бері әкімдіктерге дайын пәтерлерді сатып алу құқығы берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Жалға берілетін үйлерді бұрын әкімдіктер салып, құрылыс біткеннен кейін тапсыратын. Былтыр біз әкімдіктерге сатып алу құқығын беріп, дайын, бірінші нарықтан пәтерлерді халыққа табыстауға мүмкіндік аштық, әрине, тұрғын үй арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана жергілікті билік иелігіне алынады», – деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы. 

Сонымен қатар жақында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық концепциясы қабылданып, сатып алынатын арендалық баспаналардың 40%-ы аудандар мен ауылдық жерлерде міндетті түрде берілуі тиіс. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!