Дереккөз: sputnik.kz

Фото: ult.kz

Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды.Мұны Антикордың баспасөз қызметі растады.»Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдағы уақытта бұл факті бойынша толығырақ ақпарат беруге уәде берді.Айта кетейік, Астана қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының – Марсель Ұзақов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!