39 жастағы америкалық альпинист Гималайдағы бесінші биік шың – Макалуға (8485 м) көтерілу кезінде қаза тапты. Бұл – 2025 жылғы көктемгі альпинизм маусымындағы екінші өлім, деп хабарлайды Zakon.kz.
CBS News мәліметінше, Панко 4 мамыр күні кешке 2-лагерьде қайтыс болған.
«Ол 3-лагерьге акклиматизациялық шығудан кейін төмен түсіп келе жатып өзін жайсыз сезінді»,- деді Himalayan Guides Nepal агенттігінің өкілі Ишвари Паудель.
Панко тәжірибелі альпинист болған. Жас кезінде ол ми ісігінен аман қалып, 2018 жылы Колорадо тауларында жаттығу кезінде ауыр жарақат алған. Бұл кезде ол өткір жартасқа құлап, аяғын қатты жарақаттап, үсік алған. Ол ұялы байланысқа жету үшін бірнеше сағат бойы еңбектеп, аман қалған.
Соңғы жылдары Панко созылмалы миелоидты лейкозбен күресіп, Чикагодағы Lurie балалар ауруханасының қан рагымен ауыратын балаларға арналған бағдарламасына қаражат жинау мақсатында Макалу шыңына шығуға талпынған. Бүгінге дейін ол 1 миллион доллар жинай алған.
Макалу — Непал мен Қытай шекарасындағы әлемдегі бесінші биік шың. 2024 жылдың желтоқсанына дейін бұл шыңға 800 адам сәтті көтеріліп, 50 адам қаза тапқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!